Архив событий

24/02/2022

Кісі өлтіру ниеті дәлелденбеді

24/02/2022

Бірінші сатыдағы сот Т.Айнақұловты кісі өлтіруге оқталғаны үшін (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі) кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Айнақұлов пен масаң күйдегі жәбірленуші арасында жанжал орын алғанын анықтады. Жәбірленушінің достарымен бірге куәгердің ұрып-соққанын көрген Айнақұлов кейінгісіне жақтасқан.

Жанжал барысында Айнақұлов жәбірленушіге пышақ сұғу арқылы бірнеше ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан кетіп қалған.