Архив событий

23/02/2022

Трансплантациялау ісі бойынша кассациялық кесім

23/02/2022

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Б.Тайсаловаға, Ғ.Құттымұратовқа және А.Донбайға қатысты сот актілері бойынша Бас прокурордың наразылығын қарады.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Тайсалова ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 116-бабының 2-бөлігі 3), 4) - тармақтары (тірі адамның органдарына қатысты заңсыз мәмілелер жасау), 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 6 жылға (жаза 6 жыл 8 айдан аспауға тиіс) бас бостандығынан айырылды.