Архив событий

04/02/2022

Сот жүйесі бюджетін өзі қалыптастырады

04/02/2022

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ағымдағы жылдан бастап сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделі енгізілді.

Жоғарғы Сот Аппаратының басшысы Наиль Ахметзакиров 2021 жылдың қорытындысына арналған судьялардың кеңейтілген кеңесінде сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тек қана осы сала үшін заңнамалық негізде бюджеттің төменгі шегі бекітілгенін хабарлады. Ол барлық мемлекетік органдардың шығыс бөлігінің кемінде 6,5% құрайды.

Мемлекеттік органдар әкімшілік соттарда әрбір екінші істе жеңілген

04/02/2022

2021 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әкімшілік соттар өз жұмысын бастады. Олардың миссиясы – азаматтар мен бизнесті мемлекеттік органдардың қиянатынан қорғау. Бұл – тәуелсіздік жылдары ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі түбегейлі жаңашылдық.

Республикада барлығы 21 жаңа әкімшілік сотта – 165 судья, облыстық соттардағы 17 алқада – 67 судья қызмет атқарады. Жоғарғы Сот алқасындағы 9 судьяның алтауы бұрын-соңды судья болмаған, олар – корпоративтік, салықтық, қаржы даулары бойынша мамандар.

Татуласу арқылы наразылықты еңсеруге болады

04/02/2022

Шиеленістерді шешудің соттан тыс институттары табысты жұмыс істейтін елдерде дау-дамайдың 90%-ға жуығы сотқа жетпейді.

2018 жылдан бастап Қазақстанның барлық қаласында соттан тыс татуласу орталықтары құрылды. Тараптарды сотқа дейін татуласуға ынталандыратын заңдар қабылданды.

Нәтижесінде соңғы 4 жылда сотқа түсетін талап арыздар саны 2,5 есеге, яғни 900 мыңнан 370 мыңға дейін азайды. Соттар да тараптарды татуластыруға үндейді. Бұрын бар болғаны 2-3% іс татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 34%-ға жетті. Демек, әрбір үшінші істе тараптар бітімге келуде.    

Тергеу соттарына сот бақылауын күшейту тапсырылды

04/02/2022

Заң жүзінде бірқатар қылмыстар үшін жауаптылық күшейтілді. 2021 жылы 28 611 сотталғанның 10 327-сі бас бостандығынан айырылды.

2018 жылдан бастап кінәсіздік презумпциясы қағидаты қатаң түрде басшылыққа алына бастады. 2018-2021 жылдары ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ақталған тұлғалардың саны оған дейінгі 4 жылмен салыстырғанда (2014-2017) 7 есе артты. Есепті кезеңнің абсолюттік көрсеткіштері: 2021 жылы 168 адам ақталды, 2020 жылы – 105 (өсім 37,5%). 

Міндет – шынайы жарыспалылықты қамтамасыз ету

04/02/2022

Жоғарғы Сот Реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңеске басты сот талқылауын өзгерту бойынша ұсыныс енгізді. Бұл туралы бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов сот төрелігін жүзеге асырудың 2021 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.  

Статистика бойынша бірінші сатыдағы соттар шешімдерінің тек 2% ғана заңсыз деп танылады. Сот шешімін жариялағаннан кейін судья тараптарға неліктен мұндай тұжырымға келгенін түсіндіреді.