Архив событий

10/02/2022

Жаңа заң – жаңа регламент

10/02/2022

2021 жылғы 20 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, сондай-ақ кейбір заңнамалық актілерге сот қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.

Азаматтық процестегі сот шығыстары туралы

10/02/2022

Бүгін Жоғарғы Соттың жалпы отырысында азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы қолданыстағы нормативтік қаулыға толықтырулар енгізілді.

Жоғары сот органының түсіндірмесі сот практикасындағы бірқатар мәселелерге орай әзірленді.

Жәбірленушінің жауабы дәлелдемелерге сай емес

10/02/2022

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушының әрекетін онша ауыр емес деп қайта саралады.

Жұмағазы сот үкімімен қарақшылық жасағаны үшін (ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот алқасы істі зерделей келе, сотталушының әрекеті қате сараланған деген қорытындыға келген.

«Қарақшылықтың» міндетті саралаушылық белгісі адамның өмірі мен денсаулығына зорлық-зомбылық әрекетін жасау немесе осындай қауіп-қатер төндіру болып табылады.