Архив событий

01/02/2022

Бұрынғы полиция қызметкері неліктен «ауырып» қалды?

01/02/2022

Б. Полиция департаментінің үстінен бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі түрде жұмысқа қабылдамаған уақыты үшін жалақысын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген (№ 6001-21-00-3гп-521 іс). Ол патрульдік полктің рота командирі қызметін атқарған. Қол астындағы қызметкерлердің тәртіптік теріс қылыққа жол беруіне байланысты талапкерге лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Неге мұрагер жылжымайтын мүлік құқығын тіркеуден бас тартты?

01/02/2022

Банк Р.-ны мұрагерлік және мүліктік құқықтарды тіркеу туралы куәлікті алуға мәжбүрлеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген (№ 6001-21-00-3гп-537 іс). Жауапкер Р. қайтыс болған жұбайынан қалған мұраны іс жүзінде қабылдаған, бірақ осы күнге дейін жылжымайтын мүлік туралы заңға сәйкес мұрагерлікке құқық туралы куәлікті ресімдемеген. Жауапкердің осы әрекеттері одан Банктің пайдасына соманы өндіру туралы сот шешімін орындауға кедергі келтіреді.

Аслан Тукиев Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды

01/02/2022

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Аслан Тукиев Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.

Аслан Сұлтанұлы Тукиев 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

2000 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын және 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітіргеннен кейін Түркияда, Германияда, Франция мен Латвияда ғылыми тағылымдамадан өткен. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

- Қарағанды қаласының ІІБ полициясының учаскелік инспекторы және тергеушісі,

Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды

01/02/2022

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов 1965 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарды.

1992 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының азаматтық және рақымшылық жөніндегі бөлімінің аға референті.

Баспанаға мұқтаж ба әлде мұқтаж емес пе: мәселе осында!

01/02/2022

Ш. 2016 жылдың қараша айынан бастап, құрамы үш адамнан тұратын «мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде есепте тұрған (№ 6001-21-00- 3гп-519 іс).

Аудандық сот 2015 жылғы қазандағы шешімімен мүлікті бөлу және бірлесіп сатып алған мүліктегі үлесті анықтау туралы талап арызды қарау кезінде Ш.-ның пәтерге, гаражға, сарайға иелік ету құқығына 55% үлесі белгілеген, аудандық маңызы бар қалада орналасқаны анықталған.

Басты байлық – денсаулық

01/02/2022

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы мен оның қызметкері Н.-ның арасында дау туындаған (№ 6001-21-00-3гп-509 іс).

Қызметкер Н. кадр қызметіне Дәрігерлік консультативтік комиссияның (ДКК) ауыр жүкті көтерумен байланысты жұмыстарға жарамсыздығын дәлелдейтін қорытындысын ұсынған. Жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарын орындау мақсатында қызметкерді денсаулығына зиян келтірмейтін басқа жұмысқа уақытша ауыстырған.