Архив событий

02/02/2022

Н.Байтілесов қаңтар оқиғасынан зардап шеккен Қызылорда облыстық сотының жай-күйімен танысты

02/02/2022

Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облыстық сотының 5 қабатты ғимараты зардап шекті. Оның алғашқы үш қабаты техникасымен және жиһазымен бірге өртенген болатын. Осында орналасқан облыстық сот  пен 5 соттың ұжымы Қорқыт ата атындағы университет пен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратына көшірілді.

Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапары кезінде өңірдегі жұмылдыру штабының өкілдерімен бірге нысанды қалпына келтіру мәселелерін талқылады.