Архив событий

03/02/2022

Сотталғанның әрекеті қайта сараланды

03/02/2022

Кассация сотталғанның өтінішхатын қанағаттандырып, сот актілерін өзгертті.

Сот үкімімен А.Смаилов кісіні өлтіргені үшін (ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігі) кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған қылмыстарды саралау мәселелері жөніндегі  Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында жәбірленушіні өлтіру ниетінің бар-жоқтығы туралы тұжырым жасау үшін олардың ара-қатынасының сипатын, тән жарақатының деңгейін, кінәлі тұлғаның қылмысқа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескеру қажет деп көрсетілген.