6001-23-00-3ГП/530
Екі кәсіпкерлік субъектісі арасында 2021 жылдың соңына дейін 217 миллион теңгеге орнату арқылы тауар сатып алуға шарт жасалған.
Сатушы шарт талаптарын орындағанын, тараптардың тауарды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойғанын және тауарды орнату бойынша атқарылған жұмыстарды алға тартып, 156 млн теңге берешегін және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюшы ұсынған құжаттармен тауардың жеткізілгендігінің расталғанын атап өтіп, талап қоюды қанағаттандырған.