Архив событий

15/03/2024

Судьяларға арналған семинар: Орталық Азиядағы әкімшілік істер бойынша

15/03/2024

Алматыда «Орталық Азиядағы әкімшілік сот ісі» атты әкімшілік істер бойынша судьяларға арналған VI аймақтық семинар өтті.

Республиканың барлық облыстарынан келген 50-ге жуық судья әкімшілік органдар қызметінің құралдарын: сот қорғауының шегі мен ерекшеліктерін талқылады.

Ұйымдастырушылар: Жоғарғы Сот, «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» атты Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ).

Әйел-судьялар: кәсіби тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық

15/03/2024

Жоғарғы Сот пен ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі «Әйел-судьялар: кәсіби тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық» атты семинар өткізді.

Форум басталар алдында Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Әзімова және ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фробарт Фолькер құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары Елена Максюта, Назгүл Рахметуллина, Шолпан Иманиязова, Қырғызстан Конституциялық сотының судьясы Чинара Айдарбекова, қоғаммен байланыс жөніндегі судья-үйлестірушілер және олардың шетелдік әріптестері қатысты.