«Сот жүйесін жетілдіру – қоғамның әділ талабы», Б.Әділжан, «Egemen Qazaqstan», 08.12.2023 ж.
Сот жүйесін жетілдіру, бұл бағыттағы шараларды сапалы жүзеге асыру – заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басты басымдықтың бірі. Себебі қарапайым халықтың сот пен судьяға деген сенімі билік пен мемлекетке деген сеніммен бірдей. Мемлекет басшысы жариялаған сот реформасының жүзеге асырылу барысы қалай? Сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесін халық сезіне алды ма? Сот жүйесін дамыту бағытында қолға алынған заңнамалық бастамалар мен ұзақмерзімді міндеттер қалай орындалып келеді?