«Қазақстандағы сот әкімшілігі: жетістіктері мен перспективалары», Л.Пальма, www.iaca.ws, 10.2023 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

(бейресми аударма)

 

Авторы: доктор Луис Мария Пальма, Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының президенті (IACA).

Доктор Л. Пальма Аргентина, Буэнос-Айрес Ұлттық университетінің жетекші профессоры, сонымен қатар Гаага, Нидерланды Халықаралық Сот төрелігі инститмутының (IIJE) директоры.

 

2023 жылғы 20-25 маусым аралығында ЕҚЫҰ-ның қолдауымен еліміздің сот әкімшілігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына бардым.

22 маусымда Астанада өткен «Сот әкімшілігі тәуелсіз сот төрелігі үшін: әлемдік стандарттар және үздік практикалар» атты халықаралық дөңгелек үстелге баяндамашы ретінде қатысып, онда мен «Сот әкімшілігі, дамушы елдердегі жаңа модельдер мен сын-қатерлер» тақырыбында сөз сөйледім.

Форумда Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Ұлыбритания және басқа да елдердің судьялары мен сот әкімшіліктерінің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) арқылы сот төрелігі мен сот әкімшілігіне қол жеткізуді оңтайландыруға бағытталған құралдар мен ағымдағы іс-шараларды талқылады.

Осы сапарда мен Астана мен Алматыға қалаларында болып,  Сот әкімшілігінің дамуымен толық таныстым.

2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда өткен IACA халықаралық конференциясына қатысқан едім. Сол конференциядан кейінгі қысқа ғана уақыттың ішінде күшті көшбасшылық, дәйекті және ұйымдасқан командалық жұмыстың арқасында әділеттілікке қол жеткізу, оқыту, басқару, инфрақұрылым, нормативтік актілер мен ынтымақтастық сияқты әртүрлі салаларда әсерлі реформалар жасалған. Сот әкімшілігінің бұған үлкен қатысы бар.

Бұған дейін Қазақстанның Әділет министрлігі Сот әкімшілігіне және соған қатысты мәселелерге жауапты болған еді. Ал 2000 жылы сот билігінің атқарушы биліктен тәуелсіздігі мен автономиясын қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы Соттың Сот әкімшілігінің комитеті құрылды.

Содан бері Сот әкімшілігі дамыды және 2010 жылы Комитет Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті болып қайта құрылды, оған соттарды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қолдауды қамтамасыз ету жүктелді.

2023 жылдың басында Қазақстан Президентінің жаңа тәуелсіз орталық орган - Қазақстан Республикасының сот әкімшілігін құру туралы шешімі Қазақстанның сот жүйесі шеңберіндегі басқаруды реформалаудағы шешуші және серпінді сәт болды.

Сот әкімшілігінің құрылымы БҰҰ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ және CEPEJ және басқа да ұйымдардың Арнайы баяндамашысының халықаралық тәжірибесі мен ұсынымдарына негізделген бірегей болып табылады: Қазақстанның Сот әкімшілігі мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы ретінде институттандырылды.

Көрсетілген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін:

* Сот төрелігінің тәуелсіз орындалуын қамтамасыз ету;

* Сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу;

* Сот жүйесі мен соттардың жұмысын жақсартуға бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу қажет.

Осыған байланысты Сот әкімшілігі судьяларды әкімшілік қызмет, үкіметтік жұмыс топтарына, комиссияларға және кеңестерге қатысу сияқты негізгі миссиясына жатпайтын функцияларды орындаудан босатты.

Осындай өзгерістердің мысалы ретінде бұрын сот төрағасы еңбек жағдайларын жасау немесе жақсарту, судьялардың жұмыс орындарының эргономикасы және халыққа қызмет көрсету сияқты әкімшілік міндеттерді бақылаған. Жаңа модельге сәйкес, сот әкімшілігінің арнайы дайындалған қызметкерлері сот істеріне қатысы жоқ барлық әрекеттерді орындайды және судьялар өздерінің негізгі миссиясы: сот төрелігін жүзеге асыруға толығымен назар аудара алады.

Ендігі жерде елдегі биліктің басқа да салаларымен өзара іс-қимыл жасау Сот әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын болды, яғни  бұл диалогты ілгерілету, саясатқа қатысты мәселелерді қарау  және тиімді басқару үшін өте маңызды.

Мен байқаған және зерделеген Қазақстанның жетістіктері:

 

Тәуелсіз бюджет сот жүйесі үшін.

Бұған дейін Қаржы министрлігі бір жылға шығыстар лимитін белгілеп, қандай жобаларды қаржыландыруға болатынын және қайсысы қаржыландырылмайтынын шешкен екен. Бұл тәжірибе келесі жылға арналған бюджетке және қысқа, орта немесе ұзақ мерзімді перспективада қызметтерді жақсарту мүмкіндігіне қатысты үнемі түсініспеушіліктерге алып келегн.

Бұл өз кезегінде сот билігінің атқарушы билікке тәуелділігін көрсететін.

Сот реформасының аясында және 2022 жылдан бастап шығыстар лимитін алып тастау және конституциялық заң деңгейінде төменгі бюджеттік шекті белгілеу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта сот бюджеті мемлекеттік мекемелердің барлық шығындарының кемінде 6,5%-ін құрайды.

Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы  отырысында әр өңірдің және барлық деңгейлердің делегаттары бюджетті тиісті түрде бөле алады.

Қаражатты жоспарлауды, қалыптастыруды және жұмсауды ұйымдастыру Сот әкімшілігіне жүктелген.

Осылайша, соттың өзін-өзі басқару органының судьялардың жалақысының мөлшерін дербес анықтау, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету құқығын іске асыруға мүмкіндігі туды.

 

Істерді автоматтандырылған түрде бөлу.

Барлық деңгейдегі қазақстандық соттарда істерді автоматтандырылған бөлу жүйесі (ІАБ) енгізілді.

ІАБ процестік  заңнаманың нюанстарын және судьялардың жұмыс жүктемесін ескере отырып, істерді судьялар арасында ешқандай араласусыз бөледі.

Осыған байланысты жүйені пайдалану аумақтан тыс соттылық деп аталатын қағидатты  қолдануға мүмкіндік берді: ІАБ кездейсоқ түрде істерді бір сот шеңберінде емес, сот пен судьялардың мамандануын ескере отырып, елдің барлық соттары арасында бөледі. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің толыққанды құралы болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы судьялардың алқалы құрамын кездейсоқ автоматтандырылған тәсілмен құру туралы мәселе де осы саладағы әзірлемелердің арқасында пысықталуда.

Барлық әрекеттер электронды журналда редакциялау мүмкіндігінсіз тіркелетінін ескере отырып, ІАБ-қа кез келген заңсыз араласу жауаптылыққа әкеп соғады.

Осы мәселелердің барлығы 2019 жылы қаралған және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оны қолдану қағидаларын бекіту жөніндегі өкілеттігін айқындайтын конституциялық заңда көзделген.

Цифрландыру және сот төрелігіне қол жеткізу.

Қазақстан халықтың соттарға цифрлық қолжетімділік деңгейі бойынша әлемде 4-орында. Осыған байланысты пайдаланушыға ыңғайлы АЖ қызметтерін әзірлеу нақты уақыт режимінде сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдету үшін маңызды болды.

«Түсінікті тілді» қолдану сот төрелігін адамдарға жақындатудың және оған оңай қол жеткізудің және оны қамтамасыз етуге ықпал етудің тағы бір жолы  болып табылады.

Соттарға кірудің бірыңғай электронды терезесі 2014 жылы іске қосылды. Осының арқасында істердің 94% осы жүйе арқылы беріледі. Қазіргі уақытта кез келген пайдаланушы Face ID және Touch ID арқылы үйден немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа жүгініп, құжаттарды электронды түрде бере алады. Бұл қызмет процестің барлық қатысушыларына іс материалдарымен қашықтан танысуға мүмкіндік береді.

2016 жылдан бастап «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесі деректер алмасуға жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді және электрондық форматқа толық көшуді қамтамасыз етеді.

Барлық сот залдары пайдаланушыларды қашықтықтан аудио және бейнежазбалармен таныстыру және бейнеконференцбайланыс құралдары арқылы сот тыңдауларын қашықтықтан өткізу мүмкіндігі бар ең заманауи аудио және бейнежазба жүйелерімен жабдықталған.

 

Жасанды интеллект және роботтандыру.

Сот ісін жүргізуде машиналық оқытуды, жасанды интеллектті (AI) және роботтарды пайдалану - бұл жетістіктердің өсуіне ықпал ететін үлкен маңызы мен әлеуеті бар қызмет бағыты.

Қазақстанда ақпараттық сервистерді пайдалану роботтандыруға және жасанды интеллект элементтерін енгізуге жылдам көшуге мүмкіндік берді: 2022 жылы азаматтық істердің белгілі бір санаттарын қарау үшін роботтандырылған жүйе енгізілді.

Нақты шешім қабылдау алгоритмдеріне негізделген робот судьялардың шешімі Заңмен қатаң шектелген жағдайларда сот актілерінің жобаларын автоматты түрде жасайды.

Егер робот қандай да бір техникалық қателік жіберсе, судья оны түзете алады. Қабылданған шешім үшін судья өзіне жауапкершілікті алады, сондықтан конституциялық ережелер еш бұзылмайды.

2022 жылы робот борышкердің елден шығуын шектеу туралы сот орындаушысы алған материалдардың 126.000 немесе 80% тіркеген және балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын беру туралы 10.000-нан астам арызды тіркеді.

Қазіргі уақытта одан әрі роботтандыру үшін істер мен материалдардың басқа санаттарына талдау жүргізілуде.

Бұл саладағы тағы бір жаңашылдық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, азаматтық істерге цифрлық талдау жасаумен байланысты. Жүйе істердің санатын анықтауға, ұқсас істерді іздеуге, барлық соттардағы «қозғалыс циклді» бақылауға, сот шешімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтауға және азаматтық істердің нәтижесін болжауға бағдарланған.

Осылайша, жасанды интеллект судьяға ұқсас істер бойынша сот практикасы туралы мәліметтер береді.

Болашақта пайдаланушыларға сотқа жүгінер алдында арызы оң шешімін табу мүмкіндігін алдын ала бағалауды жеңілдету мақсатында да солай болады.

Жасанды интеллект сот жүйелерінде және олардың ортасында жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану жөніндегі Еуропалық этикалық CEPEJ хартиясының қағидаттарын ескере отырып, заңды қолдануда біркелкілікті қамтамасыз ету үшін көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Бұл жалпы қабылданған стандарттар мен озық тәжірибелерге негізделген реформаларды әзірлеу үшін қажет.

Қорытынды ретінде айтарым: менің осы ресми сапарымда қол жетімділік пен қызметтерді жақсарту арқылы сот төрелігін жүзеге асыруда қандай игі жетістіктерге қол жеткізгенін көрдім. Сот төрелігінің сапасы мен тиімділігі де екі маңызды көрсеткіш болып табылады.

Қазақстанның сот әкімшілігі аталған бағытта тынымсыз жұмыс істеуде, нәтижелері әсерлі және өте жігерлендіреді.

 

Мақала мына жерде орналастырылған:

https://www.iaca.ws/assets/The_Court_Administrator/Court_Administrator_Volume_15_Fall_2023.pdf