Архив событий

07/03/2024

Жоғарғы Сотта аруларды мерекелерімен құттықтады

07/03/2024

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органындағы әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

А.Мерғалиев Президенттің мемлекеттік қызметке әйелдерді көбірек тарту қажеттігі туралы пікірін еске сала отырып, сот жүйесінде еңбек етіп жатқан нәзік жанды әріптестерге ізгі тілегін білдірді.

Нұрсұлтан Байтілесов – Парламент Мәжілісінің депутаты

07/03/2024

«Аманат» партиясы Саяси кеңесі бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Байтілесовке берілді.

Осыған орай, Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев салтанатты іс-шара өткізді. Оған Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен СӘ басшылығы қатысты.

А.Мерғалиев Нұрсұлтан Төленұлының сот жүйесінің дамуына қосқан үлесін атап өтті: ол 14 жыл бойы аудандық соттың жетекші маманынан СӘ басшысының бірінші орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті. Осы уақытқа дейін өзіне жүктелген міндеттерді лайықты атқарып келді.