Үкімет отырысында Конституциялық заңдар жобасы қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңдарының жобалары қаралып, мақұлданды.

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде аталған заң жобалары Премьер-Министрге және Үкімет мүшелеріне таныстырылды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Енгізіліп отырған түзетулер судьяларды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіруге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясындағы ережесімен сәйкестендіру мақсатында әзірленген.

Азаматтық процестік кодекс жобасында азаматтардың сайлау құқықтарына қатысты сот актілеріне шағымдану (наразылық білдіру) мүмкіндігі көзделгенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға осындай істер бойынша бірінші сатыдағы сот шығарған кейбір шешімінің тұжырымдылығы туралы ережені алып тастайтын өзгерістер енгізіледі.

Ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың сайлау құқықтарын толық іске асыруға, сондай-ақ олардың конституциялық құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі